Қош келдіңіз! Бұл сабақта біз сізді негізгі анатомиялық терминологиямен, анатомиялық осьтермен және анатомиялық жазықтықтармен таныстырамыз.
Бұл білім біздің денеміздегі кез келген құрылымның стандартты анатомиялық позицияға қатысты жағдайын оңай сипаттау үшін қажет.
Бұл қалыпта жоғарғы қолдар алақанды алға қаратып, бас бармақтарды сыртқа қаратып орналасады. Төменгі аяқ-қолдар параллель орналасқан, бас бармақтар алға бағытталған.
Анатомиялық позиция
- Жоғарғы мүшелер(қолдар) алақанды алға қаратып орналасады
- Бас бармақтар сыртқа бағытталған
- Аяқтар параллель орналасқан
- бақайлар(аяқтың үлкен саусақтары) алға бағытталға
- Сагиттальды жазықтық (planum sagittale) көк түспен көрсетілген - Ол денені қақ ортасынан оң және сол жақ бөліктерге бөледі.
- Фронтальды жазықтық (planum frontale) сары түспен белгіленген - Денені алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі.
- Көлденең жазықтық (planum horizontale) қызыл түспен белгіленген - Денені жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.
Анатомиялық жазықтықтар
Анатомиялық осьтер - бұл адам денесінің кеңістіктегі орналасуын, қозғалыстарын және құрылымдарының бағытын анықтау үшін қолданылатын ойша жүргізілген сызықтар.
Үш негізгі анатомиялық ось:
1. Тік ось (Axis verticalis)
Бағыты: Жоғарыдан төмен (бас - аяқ)
Қозғалыстар: Айналу қозғалыстары (ротация)
Мысал: Басты оңға-солға бұру
Тік ось (Axis verticalis) - қызыл түс
2. Сагиттальды ось немесе жебелік ось (Axis sagittalis)
Бағыты: Алдыдан артқа (алдыңғы бет - арқа)
Қозғалыстар: Бүктеу және жазу (flexio және extensio жоғарыдан-төмен)
Мысал: Қолды бүйірге көтеру және түсіру (abductio, adductio)
Сагиттальды ось немесе жебелік ось (Axis sagittalis) - көк түспен белгіленген
3. Фронтальды ось немесе Көлденең ось(Axis frontalis / Axis transversalis)
Бағыты: Оңнан солға (бүйірден бүйірге)
Қозғалыстар: Иілу және бұғу (flexio және extensio алға-артқа)
Мысал: Денені алға иілу, артқа бұгу
Фронтальды ось( Axis frontalis)
Бағыт көрсеткіш терминдер
- Жоғарғы (Superior) - Басқа орынға қарағанда жоғары орналасқан
Жоғарғы (Superior) - Төменгі (Inferior) - іБасқа орынға қарағанда төмен орналасқан
Inferior (Төменгі)
Anterior (алдыңғы) - Алдыңғы дененің алдыңғы бетіне жақын

Anterior (алдыңғы)
- Posterior (Артқы) - дененің артқы бетіне жақын
Posterior (Артқы)
- Medialis (Ішкі орталыққа) - жақын Дененің орта сызығына жақын
Medialis (Ішкі орталыққа)
- Lateralis (Сыртқы) - бүйірлік Дененің орта сызығынан алыс
Lateralis (Сыртқы)
- Superficialis (Беткейлік) - жұқа ене бетіне жақын
Superficialis (Беткейлік)
- Profundus (Терең) - Дене ішінде тереңд
Profundus (Терең)
- Dexter (Оң жақ) - Дененің оң жағында
- Sinister (Сол жақ) - Дененің сол жағында

- Proximalis (Проксимальді) - Жақын Дененің орталығына немесе бастауына жақын
Proximalis (Проксимальді)
- Distalis (Дистальді) - Алыс Дененің орталығынан немесе бастауынан алыс
Distalis (Дистальді)