Сегізкөз омыртқалары (vertebrae sacrales) - Омыртқа бағанының төменгі бөлігінде орналасқан үлкен үшбұрышты сүйек.
Сегізкөз омыртқалары (vertebrae sacrales)
Алдыңғы беті ойыс артқы беті дөңес жас кезде бір сүйекке сегізкөзге (os sacrum) бірігіп бітіседі ол құйымшақ жамбас сүйектерімен буын жасап, жамбас қуысының (cavitas pelvis) артқы қабырғасын құрайды.

Сегізкөздің жоғары караған бөлігі сегізкөз негізі (basis ossis sacri) және төмен караған ұшы (apex ossis sacri) бар үшбұрыш пішінді болады және латеральді бөлігі бар (pars lateralis).
сегізкөз негізі (basis ossis sacri)
сегіз сүйегінің ұшы (apex ossis sacri)
латеральді бөлігі (pars lateralis).
Сегізкөз негізінің алдыңғы жиегі соңғы (5) бел омыртканың денесімен бірге алға қарай шығыңкы мүйіс (promontorium) түзеді.
мүйіс (promontorium)
Сегізкөздің алдынғы, немесе жамбас беті (facies pelvina) ойыс келеді.
жамбас беті (facies pelvina)
Онда көлденең сызыктар (lineae transversae) омырткалардың қосылып-бітіскен жерлері, ал осы сызықтардың ұштарында жамбастық сегізкөздік тесіктер (foramina sacralia pelvina) байкалады.
көлденен сызыктар (lineae transversae)
жамбастық сегізкөздік тесіктер (foramina sacralia pelvina)
Сегізкөздің дорсалды бетінде оларға (foramina sacralia dorsalia) сәйкес келеді.
артқы сегізкөздік тесіктер (foramina sacralia dorsalia)
Оның бойында омырткалардын жеке бөліктерінің қосылуынан түзілген 5 қырка жатады, атап айтканда: сүйір өсінділердің бітісіп-өсуінен түзілген тақ қырқа орталық сегізкөз қыры (crista sacralis mediana) орта сызық бойында, оның жандарында жұп аралық сегізкөз қыры(cristae sacrales intermediae) (буын өсінділерінің бітісіп-өсетін жерлері) және тағы шеткерілеу жұп латералды сегізкөз қыры(cristae sacrales laterales) (көлденең өсінділердің бітісіп-өсетін жерлері).
орталық сегізкөз қыры (crista sacralis mediana)
аралық сегізкөз кыры(cristae sacrales intermediae)
латералды сегізкөз қыры(cristae sacrales laterales)
Сегізкөз тесіктерінен сыртына карай көлденен өсінділер мен сегізкөз кабырғаларының қосылуынан түзілген сегізкөздің латералды бөліктері (partes laterales) жатады.
латеральді бөлігі бар (pars lateralis)
Олардын латералды жактарында мықын сүйектерімен қосылу үшін арналған құлақ тәрізді бет (facies auriculares) бұл арқылы жамбас сүйегімен бірігіп буындасады.
құлақ тәрізді бет (facies auriculares)
Сегізкөздің дорсалды бетінде әрбір жағында бесінші бел омыртқаларымен буындасу үшін сәйкес жоғарғы буын беті (facies articularis superior) бар ол жоғары буын өсіндісінде (processus articularis superior) орналасып бесінші бел омырқасымен буындасады .
жоғарғы буын беті (facies articularis superior)
жоғары буын өсіндісінде (processus articularis superior)
Олардын әркайсысынан артка карай сегізкөзді кедір-бұдыры сегізкөз бұдырмағы (tuberositas sacralis) бұлшықеттер мен жалғамалардын бекитін жері орналасады.
сегізкөз бұдырмағы (tuberositas sacralis)
Сегізкөздін ішінен сегізкөз өзегі (canalis sacralis) өтеді, ол омыртка өзегінін жалғасы болып табылады.
сегізкөз өзегі (canalis sacralis)
Адамда құйрықтың жоғалып, құйрык бүлшы-кетінің редукциялануынан сегізкөз омырткаларының сәйкесті бөліктері де редукцияланады, сондыктан сегізкөз өзегі өзінің төменгі бөлігінде түйык-талмай, сегізкөз санылауымен( hiatus sacralis) шектеледі
сегізкөз санылауымен( hiatus sacralis)
Енді Құйымшақ омыртқаларының (vertebrae coccygeae) құрылысын қарастырайық. Олардың саны өзгереді (1-5, әдетте 3).
Құйымшақ омыртқаларының (vertebrae coccygeae)
Олар, Сегізкөз секілді , бір сүйекке біріктіріледі - (os coccygis). негізін (basis) және ұшы (apex), сондай-ақ екі жағынан құйрық сүйегімен буын жасайтын құйымшық мүйізіне (cornu coccygeum) бөлінеді.