0% аяқталды
Анатомия Остеология Төс сүйегі (sternum)

Төс сүйегі (sternum)

15 минут
Орташа деңгей
156

 

Төс сүйегі (sternum) - кеуде қаңқасының алдыңғы бөлігінде орналасқан дара жалпақ сүйек. Орта сызық бойынша орналасып, қабырғалармен біріге отырып кеуде қаңқасының алдыңғы қабырғасын құрайды 

Төс сүйегі (sternum)

Төс сүйегінің бөліктері:

1. Төс сүйегінің сабы (manubrium sterni)

  • Ең жоғарғы, кең бөлігі
  • Үшбұрыш тәрізді пішінді

Төс сүйегінің сабы (manubrium sterni)

Төс сүйегінің денесі (corpus sterni)

  • Ең ұзын, орташа бөлігі
  • Тік төртбұрыш тәрізді

Төс сүйегінің денесі  (corpus sterni)

Төс денесі төс сабымен байланысып төс бұрышын (angulus sterni) құрайды.

төс бұрышы (angulus sterni)

Төс сүйегінің жоғарғы жиегінде тақ мойындырық тілік (incisura jigularis) және жұп бұғаналық тілік (incisura clavicularis) орналасқан.  

мойындырық тілік  (incisura jigularis)

бұғаналық тілік (incisura clavicularis)

бүйір беттерінде 7 жұп қабырғалық тіліктер (incisurae costales) бар. Оған II-ден VII-ге дейінгі шын қабырғалардың шеміршектері бекиді.

қабырғалық тіліктер (incisurae costales)

Семсер тәрізді өсінді (Processus xiphoideus)

Бұл төс сүйегінің ең төменгі, үшкір ұшы.

  • Оның пішіні әр адамда әртүрлі болуы мүмкін (үшкір, екіге айырылған немесе тесігі бар).

  • Жастарда бұл бөлік көбінесе шеміршектен тұрады, ал жас ұлғайған сайын (әдетте 30-40 жастан кейін) толығымен сүйектеніп, төс денесімен бірігіп кетеді.

Семсер тәрізді өсінді (processus xiphoideus)

Анатомия Остеология Медицина

Менің жазбаларым