0% аяқталды
Анатомия Остеология Остеологияға кіріспе

Остеологияға кіріспе

15 минут
Орташа деңгей
156

Остеология (Osteologia) - грек тілінен аударғанда "osteon" - сүйек, "logos" - ілім деген мағынаны білдіреді. Бұл анатомияның сүйек жүйесін, оның құрылымын, дамуын, функцияларын және қызметтерін зерттейтін бөлімі.

Сүйек жүйесінің қызметтері

1. Тірек қызметі (Functio mechanica- Дене салмағын көтереді . Денеге белгілі бір пішін береді
2. Қорғаныс қызметі (Functio protectiva) - Бас сүйегі - миды қорғайды . Кеуде торы - жүрек пен өкпені қорғайды
3. Қимыл қызметі (Functio motoria- Бұлшықеттер үшін іліну орны . Буындар арқылы қозғалысты қамтамасыз етеді.
4.Биологиялық қызметтер - Қан түзу қызметі (Haemopoesis). Зат алмасу қызметі (Metabolismus). Иммундық қызмет
 Сүйек қызметі

Сүйек тінінің құрылысы - негізгі үш бөліктен тұрады: 

1.Сүйек қабығы 
2.Қосалқы сүйек тіні 
3.Губка тәрізді сүйек тіні

1.Сүйек қабығы (Periosteum) - сыртқы қорғаныш қабаты болып табылады оның қызметі , сүйекті қорғайды  , қан тамырлары мен нервтер өтеді Сүйек қабығы ол екі қабаттан тұрады.
Сүйек қабығы (Periosteum

Қабаттар:

  • Сыртқы талшықты қабат - қорғаныс қызметі
  • Ішкі остеогенді қабат - жаңа сүйек жасайды

 

Сыртқы талшықты қабат

Ішкі остеогенді қабат

2. Орталық бөлік (Қосалқы сүйек тіні) -

Сыртқы шеңберлік пластинкалар (External circumferential lamellae - Сүйектің сыртқы бетінде орналасқан қабат. Бүкіл сүйекті қоршайды. Сүйек қабығының астында орналасады және оған беріктік береді.

Сыртқы шеңберлік пластинкалар

Остеон (Osteon) - қосалқы сүйек тінінің құрылымдық-функционалдық бірлігі. Шеңбер тәрізді пластинкалардан тұрады негізгі 3 бөлігі бар.

Остеон
Құрамы:

1.Havers каналы (Canalis centralis): Ортасындағы тік арна iшінде қан тамырлары (артерия, вена) Нервтер өтеді.

Havers каналы (Canalis centralis):

2. Концентрлік пластинкалар: 4-20 қабат сүйек пластинкалары. Арнаның айналасында шеңбер түрінде орналасқан . Коллаген талшықтарынан тұрады минералды заттар көп

Концентрлік пластинкалар

3.Остеоциттер (Osteocyti): Жетілген сүйек жасушалары. Өзара тік каналшалармен (Canaliculi ossium) байланысқан қоректенеді және зат алмасуға қатысады.

Остеоциттер (Osteocyti)

 

Аралық пластинкалар (Interstitial lamellae) - Остеондардың арасында орналасады олар ескі остеондардың қалдықтары болып табылады. Бос кеңістікті толтырып берікті қамтамасыз етеді.

Аралық пластинкалар

келесі бізде сүйек кемігін қоршай орналасқан Iшкі шеңберлік пластинкалар (Internal circumferential lamellae) - Сүйектің ішкі бетінде орналасқан сүйек пластинкалары. Сүйек кемігін қоршайды қорғаныс функциясын атқарады.

Iшкі шеңберлік пластинкалар 

3.Губка тәрізді сүйек тіні (Substantia spongiosa) 

  • Құрылысы: Кеуекті, торша тәрізді құрылымға ие олардың негізін Трабекулалар (Trabeculae) құрайды. Кеуектерде қызыл сүйек кемігі(қан түзуге қатысады)
  • Трабекулалар: Жұқа сүйек жолақтары олар жүктеменің бағыты бойынша орналасқан пластинкалардан тұрады.Құрамында остеондар жоқ.

Губка тәрізді сүйек тіні (Substantia spongiosa

Ішкі шеңберлік пластинкалар(Lamellae circumferentiales internae) - 

Сүйектердің жіктелуі

1. Ұзын (түтікше тәрізді) сүйектер (Ossa longa) - Иін, алқым, жамбас, жілінші, балтыр сүйектері. Бұл сүйектер 3 бөліктен тұрады.

Үш бөліктен тұрады:

  • Диафиз (Diaphysis) - орта бөлігі, сүйек денесі
  • Эпифиз (Epiphysis) - ұштары
  • Метафиз (Metaphysis) - діафиз бен эпифиздің арасы

2. Қысқа (губка тәрізді) сүйектер (Ossa brevia) - Білезік, шұлтыра сүйектері

3. Жалпақ (кең) сүйектер (Ossa plana) - Бас сүйегінің сүйектері . Жауырын, қабырғалар, төс сүйегі

4. Аралас сүйектер (Ossa irregularia) - Әртүрлі бөліктері әр түрлі пішінде . омыртқалар

 

Сүйек жүйесінің бөліктері

Адамның қаңқасы екі бөлімнен тұрады:

1. Осьтік қаңқа (Skeleton axiale) - 80 сүйек 

  • Бас сүйегі (Cranium) - 23 сүйек  .
  • Омыртқа бағанасы (Columna vertebralis) - 33-34 омыртқа .
  • Кеуде торы (Thorax ossea) - 25 сүйек

2. Аяқ-қолдардың қаңқасы (Skeleton appendiculare) - 126 сүйек

  • Жоғарғы аяқ-қолдар (64 сүйек): Жауырын белдігі - 4 сүйек . Еркін жоғарғы аяқ-қол - 60 сүйек
  • Төменгі аяқ-қолдар (62 сүйек): Жамбас белдігі - 2 сүйек . Еркін төменгі аяқ-қол - 60 сүйек

Барлығы адам қаңқасында: 206-207 сүйек.

 

Анатомия Остеология Медицина

Менің жазбаларым