0% аяқталды
Анатомия Остеология Омыртқа жотасы

Омыртқа жотасы

15 минут
Орташа деңгей
156

 

Омыртқа жотасы (columna vertebralis) -  Kұрылысы метамерлі және біріне-бірі жалғасып, кыска кеуекті сүйектерге жататын жеке-жеке омыртқалардан (vertebrae) тұрады. Омыртка жотасы дененің тірегі болып табылатын біліктік канка ролін аткарады. өзінін өзегіндегі жұлынды корғайды және дене мен бас сүйектің кимыл-козғалысына қатысады. 

Омыртқа Жотасы - 5 бөлімнен тұрады 

  • Мойын бөлімі - омыртқа саны (7)

Мойын бөлімі

  • Кеуде бөлімі - омыртқа саны (12)

Кеуде бөлімі

  • Бел бөлімі - омыртқа саны (5)

Бел бөлімі

  • Сегізкөз бөлімі - омыртқа саны (5)

Сегізкөз бөлімі

  • Құйымшақ бөлімі - омыртқа саны (1-5)

Құйымшақ бөлімі


Физиологиялық иілімдер: Адамда жалпы 4 физиологиялық иілім бар олардың маңыздылығы - Серпімділік береді соққыларды жұмсартады және тепе-теңдік  дененің орталығын ұстайды. Амортизация - жүрген кезде соққыны азайтады.
Лордоздар (алға иілім):

  • Мойын лордозы (Lordosis cervicalis)- Орналасуы (C₃-C₇) деңгейінде моиынның алға иілуі айқың көрінетін максималды нүктесі (C₅-C₆).
  • Бел лордозы (Lordosis lumbalis) - Орналасуы (L₃-L₅) деңгейінде белдің алға иілуі. Оның пайда болуы 6-12 айда (жүре бастағанда). Ең терең қисық болып табылады

Лордоздар

Кифоздар (артқа иілім):

  • Кеуде кифозы (Kyphosis thoracica) - Орналасуы (Th₁-Th₁₂) кеуде омыртқаларының артқа иіліе орналасуы. Туа біткен болады. Максималды иілімін (Th₆-Th₇) көруге болады.
  • Сегізкөз кифозы (Kyphosis sacralis) - Орналасуы Сегізкөз және құйымшақ сегізкөздің артқа иілімі. Туа біте пайда болады.

Кифоздар


Омыртқалар әртүрлі құрысылқа ие болғанымен олардың барлығына тән құрылыстар бар (типтік омыртқалар):
Омыртқа денесі (Corpus vertebrae) - алдынғы жағынан орналаскан және қысқа бағанша тәріді дене. негізгі қызметі негізгі жүктемені көтереді.

Омыртқа денесі (Corpus vertebrae)


Омыртқа доғасы (Arcus vertebrae) -  Омыртқа доғасы омыртқа денесінен артқа кетіп омыртқа тесігін (Foramen vertebrale) жабатын екі аяқшадан тұрады, аяқшалар (Pediculi arcus vertebrae) омыртқа денесін доғамен. 

Омыртқа доғасы (Arcus vertebrae)

омыртқа тесігін (Foramen vertebrale)

аяқшалар (Pediculi arcus vertebrae)


Омыртқа тесігі (Foramen vertebrale) - оның пішіні омыртқа жотасының бөлігіне қарай әртірлі болады мысалы: Үшбұрыш (мойын, бел) Дөңгелек (кеуде). барлық тесіктер біріктіріліп: Омыртқа каналын (Canalis vertebralis) түзеді. Оның ішінде Жұлын (medulla spinalis) болады және басқада жұлын қабықтары қан тамырлары май тіні дәнекер тін болады.

Омыртқа каналын (Canalis vertebralis)

 

Жұлын (medulla spinalis)

Өсінділер (Processus) - доғаларда омырткалардың қозғалысы үшін кажет тетіктер өсінділер болады (олар бұлшық ет бекінетін аймақтар).Олардың жалпы саны 7 өсінді. 
Сүйір өсінді (Processus spinosus) - 1 дана Доғаның артқы ортасынан орналасады оның қызметтерінің бірі бұлшықеттер мен байламдар іліну орны

Сүйір өсінді (Processus spinosus)


Көлденең өсінділер (Processus transversi) - 2 дана Доғаның екі жағынан орналасқын жұп өсінді қызметтерінің бірі бұлшықеттер іліну орны

Көлденең өсінділер (Processus transversi)

Буындық өсінділер (Processus articulares) - 4 дана
Түрлері:
Жоғарғы буындық өсінділер (Processus articulares superiores) - 2

Жоғарғы буындық өсінділер (Processus articulares superiores)

Төменгі буындық өсінділер (Processus articulares inferiores) - 2

Төменгі буындық өсінділер (Processus articulares inferiores) 


бұларды арт жағынан жұп ойындылар incusurae vertebrales superiores et inferiores, шектейді

incusurae vertebrales superiores

incusurae vertebrales inferiores

Оларды бір омыртқаны екінші омырткаға жалғастырғанда жүйкелер мен жұлын тамырлары үшін омыртка аралык тесік, (foramina intervertebralia), пайда болады. 

омыртка аралык тесік, (foramina intervertebralia)

 


Буын өсінділері буындық беттер (Facies articulares) арқылы омыртқа аралық буындар түзуге катысып, оларда омырткалар козғалыс жасайды, ал көлденең және сүйір өсінділер омыртқаларды қозғалысқа келтіретін жалғамалар мен бұлшықеттердің бекуі үшін кажет.

Буын өсінділері буындық беттер (Facies articulares)-

Анатомия Остеология Медицина

Менің жазбаларым