І және ІІ мойын омыртқаларының ерекше пішіні бар, ол бас сүйекпен козғалмалы болып буындасуға байланысты.
І омырткада атлантта (atlas) - дененсінің үлкен бөлігі даму барысында ІІ омырткаға ауысып, соған жабысып өсіп, тіс (dens), түзеді.
атлантта (atlas)
ІІ мойын омыртқасының тісi (dens)
Осынын салдарынан атланттын тек алдыңғы доға қалады денесі болмайды , бірақ алдынғы жағынан тіспен толтырылатын омыртка тесігі кеңейеді.
Атланттын алдынғы (arcus anterior) және арткы (arcus posterior) доғалары өзара бүйір массаларымен (massae laterales), қосылған.
алдынғы доға (arcus anterior)
арткы доға (arcus posterior)
бүйір массаларымен (massae laterales)
Олардың әрқайсысынын жоғарғы және төменгі беттері көршілес сүйектермен буындасуға керек жоғарғы буын шұңқыр (fovea articularis superior), қарақұстың сәйкесті буын бүртігімен буындасу үшін, төменгі жалпайған бет, (fovea articularis inferior) II мойын омыртқасының буын бетімен буындасу үшін қажет.
жоғарғы буын шұңқыр (fovea articularis superior)
ІІ мойын омыртқа axis (axis), басқа омыртқалардың барлығынан атланттың денесіне ұқсас гомология-лы тіс тәрізді өсінді немесе тістің, dens болуымен аса ерекшеленеді.
Ұшы (apex dentis) - тіс тәрізді өсіндінің жоғарғы, үшкір ұшы мұнда ұш байламы (lig. apicis dentis) бекиледі бұл байлам тістің тылқының ішкі бетіне (foramen magnum) бекітеді
Ұшы (apex dentis)
Тістің алдыңғы және артқы беттерінде буын беттері бар:
- Алдыңғы буын беті (facies articularis anterior) - Дөңес, тегіс бет атластың алдыңғы доғасымен буын жасайды мұнда atlanto-axial медиалды буыны түзіледі
Алдыңғы буын беті (facies articularis anterior)
- Артқы буын беті (facies articularis posterior) - Тегіс бет ол атланттың көлденең байламмен (lig. transversum atlantis) жанасады бұл байлам тісті атластың артқы жағынан ұстап тұрады.
Артқы буын беті (facies articularis posterior)
Аксисте келесідей басқа омыртқаларғада тән құрылыстар бар
Дене (corpus)- Басқа омыртқаларға қарағанда ірі жоғарғы бетінде тіс тәрізді өсінді орналасқан онда жоғарғы және төменгі буын өсінділерi (processus articularis superior et processus articularis inferior) бар.
жоғарғы буын өсіндісі (processus articularis superior)
төменгі буын өсіндісі (processus articularis inferior)
Оларды беттерінде сәйкесінше жоғарға және төменгі буын беттері (facies articularis superior et facies articularis inferior) бар
- Жоғарғы буын беттері - атласпен буын жасайды
- Төменгі буын беттері - үшінші мойын омыртқасымен байланысады
жоғарғы буын беті (facies articularis superior)
төменгі буын беті (facies articularis inferior)
сүйір үсінділері (processus spinosus) қысқа және ұшы екіге бөлінген
сүйір үсінділері (processus spinosus)
басқа мойын омыртқалары секілді көлденең өсінділер (processus transversus) бар және оларда омыртқа артериясы өтетін көлденең тесіктер (foramen transversarium) бар екенін ұмытпау керек .
көлденең тесіктер (foramen transversarium)